"Реал Сосьедад" пен "Манчестер Юнайтед" матчіне тікелей трансляция

©manutd.one

Бүгін түнде УЕФА Еуропа лигасының соңғы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Испанияның "Реал Сосьедад" клубы өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдайды. Е тобында бұл екі команда плей-офф раундына шығып қойған. Бес ойыннан кейін Иманоль Альгуасиль шәкірттері 15 ұпаймен көш бастап тұрса, "қызыл сойқандар" 12 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.

"Олд Трафордта" испаниялықтар 0:1 есебімен жеңіске жеткендіктен, бұл жолы Криштиану Роналду мен оның командаластары қонақта қарымта қайтаруы мүмкін. Бұл топта Молдованың "Шерифі" (3 ұпай) мен Кипрдің "Омониясы" да (0 ұпай) бар.

"Реал Сосьедад" пен "Манчестер Юнайтед" матчін бүгін түнгі сағат 23.45-тен бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен өткізіп алмаңыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport