"Реал" шабуылшысы Ұлыбританияның ең бай спортшысы атанды

Сурет: Sportbox
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Гарет Бэйл Ұлыбританияның 30 жасқа дейінгі ең бай спортшылары арасында көш бастады, - де хабарлайды Sky Sports.

Рейтингке Ұлыбритания азаматтығы бар немесе ел аумағында өнер көрсетіп жүрген спортшылар кірді. 

Тізімде екінші Энтони Джошуа тұр, боксшының байлығы 107 миллион фунт. Ол Энди Руиспен қарымтада жақсы табыс көрді. Үштікте "Манчестер Юнайтед" ойыншысы Поль Погба - 50 миллион.

1. Гарет Бэйл ("Реал Мадрид") - 114 миллион;
2. Энтони Джошуа (бокс) - 107;
3. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") - 50;
4. Кевин Де Брейне ("Манчестер Сити") - 34;
4. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед") - 34;
6. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") - 28;
7. Н'Голо Канте ("Челси") - 25;
8. Гарри Кейн ("Тоттенхэм") - 24;
9. Даниел Старридж - 22;
10. Джордан Хендерсон ("Ливерпуль") - 21.