Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Лука Йович келесі маусымды "Фиорентин" командасында өткізеді. Бұл туралы италиялық инсайдер Джанлука Ди Марцио хабарлады.
Италиядық команда 24 жастағы шабуылшыны бір жылға жалға алған. Сербиялық футболшының жалақысының жартысын "Реал", ал жартысын "Фиорентина" командасы төлейді.
Еске салайық, 2021/2022 маусым аяқталғаннан кейін "Фиорентина" команда "Гертаның" шабуылшысы Кшиштоф Пентекпен келісімшартты ұзартудан бас тартты.
Йович болса "Реал" сапына 2019 жылы "Айнтрахт" командасынан ауысып келді. Ол кезде трансфер құны 63 миллион еуро болған еді.