"Реал" шабуылшысы Чемпиондар лигасының рекордсмені атанды

©globallookpress.com

"Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасының биылғы маусымында бірегей жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Opta Sports мәліметінше, "Челсимен" ойында қарсыластың айып алаңында Винисиустің аяғы допқа 19 рет тиген - бұл осы маусымдағы рекорд.

Ал "Челсидің" бүкіл құрамы қарсыластың айып алаңында допты 10 рет қана тебе алған.

Еске салайық, ойынның өзі 2:0 есебімен испаниялық клуб пайдасына аяқталды. Қарымта матч 18 сәуір Англияда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport