Футбол
Бүгін 12:18

"Реал" шабулышысы үшін "Арсенал" 100 миллион беруге дайын

©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Лондонның "Арсенал" клубы француздың "Лион" командасында ойнап жүрген, құқықтары мадридтік "Реалға" тиесілі бразилиялық шабуылшы Эндрик Фелипені сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Fichajes мәліметінше, "зеңбірекшілер" ойыншы үшін шамамен 100 миллион еуро ұсынуға дайын және "корольдік клубты" трансферге көндіруге үміттеніп отыр. Сонымен қатар, Мадридте ойыншыны қайтадан жалға беру нұсқасы қарастырылмайды, бұл тек толыққанды трансфер мүмкін екенін білдіреді.

Хабарламаға сәйкес, "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета швециялық шабуылшы Виктор Дьёкерешке лайықты балама іздеуде. Испаниялық маман Эндрик тәжірибелі форвардпен негізгі құрамдағы орын үшін бәсекелесе алады деп сенеді.

Эндрик Фелипе "Реал" сапына 2024 жылдың жазында "Палмейрастан" 47,5 миллион еуроға ауысқан болатын. Алайда маусымның алғашқы бөлігінде 19 жастағы шабуылшы негізгі құрамда тұрақтай алмады. Осыдан кейін қыста ол ойын тәжірибесін арттыру үшін францияның "Лион" клубына жалға берілді.


Францияда жас бразилиялық тез бейімделіп, 1 лигадағы назарға түскен ойыншылардың біріне айналды. "Лион" сапында өткізген 19 матчта ол 15 нәтижелі әрекет (сегіз гол және жеті нәтижелі пас) жасаған.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Эндриктің қазіргі нарықтық құны шамамен 35 миллион еуроны құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport