"Реал" Роналдусыз гол салудан қалған

24 желтоқсан 2019 11:15
© eurosport.ru
Мадридтік "Реал" 2019 жылғы барлық турнирде 100 гол салды, - деп хабарлайды Mister Chip.

Бұл команданың Криштиану Роналдусыз өткізген бірінші толық жылы болды. Ал португалиялық шабуылшы барда "Реалдың" ең нашар көрсеткіші жылына 130 гол болған - 2010 жыл. 

2011 жылы мадридтік клуб 167 гол, 2012-де - 156, 2013-те – 156, 2014-те - 178, 2015-те - 140, 2016-да - 152, 2017-де - 156, 2018-де - 142.

Роналду туриндік "Ювентуске" 2018 жылы жазда ауысқан болатын. Ал мадридтік клуб сапында 2009 жылдан ойнады. "Реалмен" бірге португалиялық футболшы Чемпиондар лигасын ұтқан, екі рет Испания чемпионы атанды, ел Кубогы мен Суперкубогын иеленген. 

18-ші тур қорытындысы бойынша "Реал" 37 ұпаймен турнир кесетесінде екінші келеді, "Барселона" екі ұпай артықшылығымен бірінші орында.
Жаңалықтар