"Реал" Роналдудың досы мен "Алтын доп" иегерінен сатып құтылайын деді

Сурет: Eurosport
Мадридтік "Реал" бірнеше белгілі футболшымен қош айтыспақ, - деп хабарлайды Sport.es.

Басылым мәліметінше, мадридтік команда Федерико Вальвердемен бәсекелесе алмаған жартылай қорғаушы Лука Модричпен қоштасуға дайын. Хорватиялық ойыншының келісімшарты аяқталуға бір жыл бар, осы себепті "Реал" оны трансферге қойып, табыс көргісі келеді. Сонымен қатар, Марсело да Ферлан Мендимен бәсекелесе алмай отырған көрінеді. 

Испания чемпионатының 27 турынан кейін "Реал" турнир кестесінде 56 ұпаймен екінші келеді. Көш бастап келе жатқан "Барселонадан" мадридтік команда екі ұпай кем жинады.