Футбол
24 маусым 10:57
 

"Реал" Родригоның бағасын бекітті

  Пікірлер

blog.share

"Реал" Родригоның бағасын бекітті ©"Реал"ФК

Мадридтің "Реал" футбол клубы бразилиялық ойыншы Родриго Гоэсты 90 миллион еуроға сатуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтің "Реал" футбол клубы бразилиялық ойыншы Родриго Гоэсты 90 миллион еуроға сатуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Cadena SER ақпараты бойынша, аталған көлемдегі қаржы бойынша ұсыныс түссе, клуб басшылығы бұл трансферді қарастыратын болады. Сондай-ақ бұл қаржы Хаби Алонсо алғысы келетін жартылай қорғаушы трансферіне пайдаланылатын болады. 

24 жастағы бразилиялық вингерге Англияның "Арсенал" және "Манчестер Сити" клубтары қызығушылық танытып отыр. 

Родриго өткен маусымда 51 матчқа қатысып, 14 гол соқты, 10 нәтижелі пас берді. Командамен қазіргі келісімі 2028 жылдың жазына дейін жарамды. 

Transfermarkt порталы да ойыншыны 90 млн еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!