Мадридтік "Реал" 2024/25 қаржы жылының қорытындысын шығарды - бұл сандар таң қалдырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың ресми сайтында хабарланғандай, трансферлерді есептемегенде, кіріс рекордтық 1,185 миллиард еуроны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Бұған дейін ешбір футбол клубы бір миллиардтық межені еңсерген емес.
Таза пайда 24 миллионға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 56 пайызға артқан екен. Ал EBITDA (операциялық пайда, салықтар мен амортизацияларды есепке алмағанда) 242,9 миллион еуроны құрады - бұл клуб тарихындағы ең үздік көрсеткіш.
Сонымен қатар, "Реал" капиталдың нығаюы туралы есеп берді - қазіргі уақытта ол 598 миллионды құрайды, ал қарыз коэффициенті нөлге тең, бұл клубтың абсолют төлем қабілеттілігін растайды.
"Сантьяго Бернабеу" стадионының қайта құруына алынған қарызды есептемегенде, таза қарыз 12 миллионды ғана құрады. Ал стадионға арналған төленбеген кредит 1,132 миллиард деңгейінде қалды.