Бүгін, 30 қаңтарда Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасы 2025/26 маусымындағы шешуші матчтердің жеребесі тартылды, деп хабарайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасы 2025/26 маусымындағы шешуші матчтер:"Монако" — "Пари Сен-Жермен";
"Бенфика" — "Реал" Мадрид;
"Карабах" — "Ньюкасл";
"Будё-Глимт" — "Интер";
"Галатасарай" — "Ювентус";
"Боруссия" Дортмунд — "Аталанта";
"Брюгге" — "Атлетико" Мадрид;
"Олимпиакос" — "Байер".
Бірінші ойындар 17 және 18 ақпанда өтеді, ал қарымта кездесулер 24 және 25 ақпанға белгіленген. Шешуші матчтердің жеңімпазы 1/8 финалға өтіп, Чемпиондар лигасы топтық кезеңінен үздік шыққан сегіздікпен ойнайды. Бұл кезеңнің жеребесі 27 ақпанға жоспарланған.