Мадридтік "Реал" осы маусым аяқталғаннан кейін ағылшындық "Манчестер Сити" мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холандты қатарға қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Перес Холандтың ауысатынына сенімді
Журналист Ник Харристің мәліметінше, мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес алдағы жазда норвегиялық шабуылшының трансферін жүзеге асыра алатынына күмән келтірмейді. Харристің айтуынша, бұл ақпаратты жақында "Реал" басшысымен бірге түскі ас ішкен адам жеткізген.
Осылайша, Мадрид клубы шабуыл шебін күшейту үшін Холандты әлі де басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр.
Холандтың осы маусымдағы статистикасы
26 жастағы норвегиялық футболшы 2022 жылдан бері "Манчестер Сити" сапында өнер көрсетіп келеді. Ол ағылшын клубына дортмундтық "Боруссиядан" 60 миллион еуроға ауысқан.
Осы маусымда шабуылшы 14 матчқа қатысып, 14 гол соқты. Transfermarkt беделді порталы футболшының нарықтағы құнын 220 миллион еуроға бағалап отыр.
Жарнама