Футбол
15 шілде 2021 21:18

"Реал" пандемия басталғалы 300 млн еуродан қағылған

сурет: football

Былтыр бүкіл әлемде белең алған коронавирус пандемиясы спорт әлемін де айналып өтпеді. COVID-19 салдарынан чемпионаттар мен жарыстар тоқтады. Көптеген клуб ойыншылары мен қызметкерлеріне айлық төлей алмай, банкротқа ұшырады. Ал Чемпиондар Лигасының 13 дүркін жеңімпазы "Реал" былтыр 300 млн еуро табыстан қағылған.

Дегенмен, дер кезінде шығынды азайтудың жолына көшкен "корольдік" клуб 2020/21 жылғы футбол маусымын 874 мың еуро табыспен аяқтады. Команданың қарызы 240 млн-нан 46 млн-ға дейін азайды.

2021 жылдың 30 маусымындағы деректерге сүйенсек, "бланкостың" капиталы 534 млн еуроға жетіп отыр.

Сонымен қатар, басшылық ойыншылардың айлығын 58 және операциялық шығындарды 62 млн еуроға дейін қысқартты.

Еске сала кетсек, "Реал" Ла Лигада маусымды екінші орында аяқтады. Чемпион атанған "Атлетико" "корольдік" клубтан 2 ұпай басып озды. Жалпы алғанда, мадридтік ұжым әлемдегі ең бай ("Барселона", "Реал", "Бавария") үш клубтың қатарына кіреді.