"Реал" өз ойыншысына Месси туралы айтуға тыйым салды

©vseprosport.kz

Мадридтік "Реал" мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Родриго өзіне Лионель Мессимен болған кикілжің туралы айтуға тыйым салынғанын мойындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турындағы "Наполимен" (4:2) матчтен кейін журналистер оған оқиға жайлы сұрақ қойды.

"Месси? Ол туралы айта алмаймын. Неге? "Мадрид" маған тыйым салды", - деп береді Родригоның сөзін Madrid Xtra.

Родриго "Реалдың" тыйымы туралы айтып күліп жіберді, осы кезде мадридтік клуб қызметкерлері оны бірден журналистерден алып кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport