"Реал" ойыншысы Гарет Бэйл англиялық клубқа ауысты

17 қыркүйек 2020 13:09
Сурет: Football24.ru
Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл карьерасын лондондық "Тоттенхэмде жалғастыратын болды. Футболшы жалға беру құқымен ауысты, - деп хабарлайды Р-Спорт сайты Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Жалға беру келісімі бір жылға есептелген.

31 жастағы ойыншының "Тоттенхэмдегі" 13 миллион фунт болатын еңбекақысының жартысын мадридтік клуб төлеп отырады.

Бұл келісімшартты жасауда шешуші тұлға "Тоттенхэм" бапкері Жозе Моуринью болды. Футболшының англиялық командаға өткені туралы ресми түре алдағы күндері айтылады.

Айта кетейік, 2013 жылы Бэйл "Реалға" дәл осы "Тоттенхэмнен" ауысып келген еді,  ол кездегі трансфер құны 101 миллион еуро болатын. Футболшының испаниялық клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген.
Жаңалықтар