"Реал Мадрид" клубының қорғаушысы әрі Бразилия құрамасының ойыншысы Эдер Милитао 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмайды. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, мадридтік клубтың бапкерлер штабы осындай шешім қабылдаған. Бүгін Милитао Финляндияда операция жасатады, ал толық қалпына келуі тек қазан айына жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұл футболшының биылғы маусымдағы төртінші жарақаты. 2025/2026 жылғы маусымда Эдер Милитао түрлі жарақаттарға байланысты 27 матчты өткізіп алған.
Еске салайық,Әлем чемпионатында Бразилия Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.
Жарнама