"Реал" осы маусымда алғаш рет қарсыласын ұта алмады

©Global Look Press

"Реалдың" жеңіс сериясы үзілді. Испания чемпионатының жетінші турындағы өз алаңындағы ойында мадридтіктер "Осасунаны" ұта алмады, деп хабарлайды, Vesti.kz.

Мадридте өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. 42-минутта алаң иелерінен Винисиус Жуниор есеп ашты. 50-минутта Кики Гарсия есепті теңестірді. Осыдан кейін Давид Гарсия алаңнан қуылып, қонақтар азшылықта қалды. Дегенмен мадридтіктер бұл мүмкіндікті сәтті пайдалана алмады. Ал 79-минутта Карим Бензема пенальтиді сәтсіз орындады.  

Осылайша, "Реал" осы маусымда алғаш рет чемпионатта жеңіске жете алмады. Команда турнир кестесінде 19 ұпаймен екінші келеді. "Осасуна" 13 баллмен алтыншы орында. 

8 қазандағы келесі ойында "Реал" сырт алаңда "Хетафемен", ал бір күн бұрын "Осасуна" өз алаңында "Валенсиямен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport