Футбол
Бүгін 10:01

"Реал" Мессиді жаттықтыратын бапкерді жұмысқа шақырғысы бар

©Depositphotos/Musiu0

"Реал Мадрид" келесі маусымға жаңа бас бапкер іздеуді бастап, Аргентина құрамасының қазіргі жаттықтырушысы Лионель Скалонимен байланысқа шыққан, деп хабарлайды Vesti.kz

Скалонимен байланыс орнатылды

Қазіргі бапкер Альваро Арбелоа маусым соңына дейін ғана клубта қалатын секілді. Осыған байланысты клуб басшылығы жаңа үміткерлерді қарастыруда.

COPE радиосындағы El Partidazo бағдарламасында журналист Маноло Лама "Реалдың" Лионель Скалонимен байланысқа шыққанын растады. Оның айтуынша, мадридтіктер бірнеше маманды қарастырып жатыр, бірақ Скалонимен нақты келіссөз жүргізіп көрген.

Скалонидің жетістіктері

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Selección Argentina (@afaseleccion)

Лионель Скалони 2018 жылдан бері Аргентина құрамасын жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда Футболдан әлем чемпионаты 2022 жеңімпазы атанды Америка кубогын (2021,2024) екі рет ұтып алды.  Сондай-ақ, ол 2022 жылы FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанды.

"Реалдағы" жағдай

Айта кетейік, маусым басында команданы Хаби Алонсо басқарған, алайда ол қаңтар айында қызметінен босатылды. Оның орнына келген Альваро Арбелоа әзірге клуб басшылығының толық сеніміне ие бола алмай отыр. Осылайша "Реал Мадрид" жаңа маусым алдында бапкерлік құрамда елеулі өзгерістер жасауы әбден мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport