Кеше, 7 қаңтарда, Испания Кубогінің 1/8 финал кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Барлық кездесулер бір матч форматында ұйымдастырылады және 13–15 қаңтар аралығында өтеді.
Испания Кубогының 1/8 финалындағы жұптар:«Расинг» — «Барселона»
«Альбасете» — «Реал» Мадрид
«Депортиво» — «Атлетико» Мадрид
«Культураль Леонеса» — «Атлетик» Бильбао
«Бургос» — «Валенсия»
«Бетис» — «Эльче»
«Реал Сосьедад» — «Осасуна»
«Алавес» — «Райо Вальекано»
Қазіргі таңда Испания Кубогының иегері - «Барселона». Өткен маусымдағы финалда каталониялық клуб мадридтік «Реалды» қосымша уақытта 3:2 есебімен ұтқан болатын.
«Барселона» — Испания Кубогі тарихындағы ең көп жеңіске жеткен клуб (32 трофей). Одан кейін «Атлетик» Бильбао (24 кубок) мен «Реал» Мадрид (20 кубок) орналасқан.