Футбол
16 қаңтар 2023 09:18

"Реал" мен "Барселона" Испания суперкубогі финалында жеңімпазды анықтады

©sport24.ru

"Реал" мен "Барселона" Испания суперкубогі үшін финалдық ойын өткізді. Эр-Риядтағы "Фахд патша атындағы халықаралық" стадионда өткен ойын 3:1 есебімен каталондық клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч басында мадридтіктер басымдық көрсетті, алайда тайм ортасына таман каталондықтар күш алып, Гави 33-минутта және артынша Роберт Левандовски (45) гол салды.

Екінші таймда мадридтіктердің бапкері Карло Анчелотти ойыншылар алмастыру арқылы матч барысына әсер етуге тырысты. Алайда "Барселона" дес берместен тағы бір гол соқты - 69-минутта Педри. 

Тек қосымша уақытта (90+3-я) Карим Бензема "Реал" үшін бір гол сала алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport