"Реал" мен "Барселона" арасында 16 жастағы футболшыға талас басталды

Сурет: Soccernews.ru
"Витория Гимараэш" форварды Эркулану Набиан карьерасын Ла Лигидағы мықты клубтардың бірінде жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды sports.ru жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Физикалық сипатына қарай "Лукаку клоны" аталып кеткен 16 жастағы португалиялыққа "Реал" мен "Барселона" қатар қызығып отыр. Одан бөлек "Монако" мен ПСЖ командалары да футболшыға көз тігіп отырған көрінеді. 

"Витория" жастар командасы үшін кейінгі екі маусымда Набиан 43 гол салды, сонымен қоса, Португалия U17 құрамасы үшін жеті матчте төрт гол соққан