"Реал" Мбаппенің трансферінен миллиард доллар табыс көрмек

©ПСЖ

Мадридтік "Реал" франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппені тек жақсы ойыншы болғаны үшін емес, маркетингтік қадам үшін де сапына қосқысы келеді. Мбаппені сапына алған жағдайда мадридтіктер алты жылда миллиард доллар көлемінде пайда табады, деп хабарлайды El Debate.

"Мабппенің "Реалға" өтуі чемпиондар лигасында сапалы серпіліс беріп қоймай, бұрын болмаған экономикалық өсім сыйлайды. Ойыншының аты жазылған өнімдердің барлық түрін сату жаңа рекорд орнатпақ. "Реалмен" жұмыс істеп жатқан барлық демеушілер өз ұсыныстарын арттыру керек болады. 

Алғашқы есептер бойынша, Мбаппенің "Реалға" өтуі клубқа миллард доллар табыс әкеледі. Бұл қаржы команда шабуылшымен бірге жеңіп алатын титулдар санына қарай артуы мүмкін", - делінген материалда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport