"Реал" клубы 2023 жылы Килиан Мбаппені сатып алуы мүмкін, деп жазады La Gazzetta dello Sport.
Қазіргі таңда Мбаппе мен ПСЖ 2025 жылға дейін 630 миллион еуроға келісімшартқа отырған. Осыған қатысты, "Реал" президенті шабуылшы үшін париждіктерге 150 миллион және футболшыға өзі қалағанша ақша құюға дайын.
Еске салайық, жазғы трансферлік маусымда Мбаппе ПСЖ командасымен келісімін ұзартқан еді. Катардағы әлем чемпионатының күміс жүлдесін мойнына таққан Килиан келесі маусымда "бланкос" сапында ойнауы да мүмкін.