"Реал" Мбаппеден әбден мезі болды

©instagram.com/psg

Мадридтік "Реал" франциялық ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппенің трансферіне қызығушылығын жоғалтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Marca мәліметінше, испаниялық клубты футболшының болашағына қатысты шешім қабылдай алмайтыны мезі қылды. "Реал" өкілдерін Мбаппемен келісімшартты әне-міне жасаймыз деген жағдай шаршатқан екен, енді олар Килианның сөзіне сенбейтін болған көрінеді. 

Енді мадридтік клуб ойыншы ПСЖ сапынан кеткен жағдайда ғана оған ұсыныс жасамақ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport