"Реал Мадрид" бразилиялық қорғаушыны жалға алды

©"Шахтер" ФК

"Шахтердің" бразилиялық қорғаушысы Винисиус Тобиас "Реал Мадридке" ауысады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Италиялық журналисттің мәліметінше, мадридтік клуб ойыншыны екі маусымға жалға алмақ. Сондай-ақ, клуб 18 жастағы футболшыны 18 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

ФИФА-ның жаңа ережелері еуропалық клубтарға Украина чемпионатындағы ойыншыларды трансферлік терезеден тыс тіркеуге мүмкіндік береді, сондықтан осы маусымда Винисиус "Реал Мадридтің" екінші командасы "Кастильяда" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport