Футбол
Бүгін 10:37

"Реал" көңілі қалған жұлдызды ойыншыны сатуға қойды

©"Реал" ФК

Мадридтік "Реал" клубындағы франциялық жартылай қорғаушы Эдуарду Камавинганың болашағы сұрақ бұлдыр болып тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Don Balon дерегінше, мадридтік клуб ойыншыны алдағы жазда сатуға дайын, бірақ тек бір шартпен - ұсынылатын сома кемінде 100 миллион еуро болуы тиіс.

"Реал" басшылығының Камавинганың тұрақсыз ойыны мен жиі жарақат алуына көңілі толмай отыр. Соңғы маусымдарда франциялық ойыншы ондаған матчқа қатыса алмаған екен, ал бұл клуб жетекшілерін алаңдатуда.

Сонымен қатар, бас бапкер Хаби Алонсо Камавинга үшін алаңдағы ең қолайлы позицияны таба алмады. Ол бірнеше рөлде сынақтан өткенмен, команданың негізгі тірегіне айнала қойған жоқ.

Соған қарамастан, клубта футболшыны арзан бағаға сатуға ниетті емес екенін атап өтті. Егер әлеуетті сатып алушылар талап етілген соманы төлеуге дайын болмаса, Камавинга командада қалады, алайда, негізгі құрамдағы орнына кепілдік болмайды.


Камавинга "Реалда"

Айта кетейік, Эдуарду Камавинга "Реалғ"» 2021 жылдың тамыз айының соңында ауысып, бастапқыда 2027 жылға дейін есептелген ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған. Кейін бұл келісім 2029 жылға дейін ұзартылды.

Мадридтіктер сапында өнер көрсеткен жылдары Камавинга айтарлықтай көп трофейлер жинады. Ол "Реалмен" бірге екі рет Чемпиондар лигасын және Испания чемпионатын жеңіп алды, Испания кубогін, екі Суперкубокті, екі УЕФА Суперкубогін, ФИФА-ның клубтар арасындағы әлем чемпионатын және Құрлықаралық кубокті иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport