"Реал" командасы "Челсидің" орталық қорғаушысын сатып алатын болды

©Reuters

Мадридтік "Реал" лондондық "Челсидің" қорғаушысы Антонио Рюдигермен ауызша келісімге келді.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ, бірақ, клуб қазірдің өзінде келіссөздерді аяқтап, қорғаушыны еркін агент ретінде қатарға қосуға дайындалып жатыр.

Дереккөздің айтуынша, 29 жастағы футболшы мадридтік клубпен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырады.

"Рюдигер клубтан кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол маған жеке әңгіме барысында айтты. Мен оны командада алып қалу үшін барымды салдым. Клуб басшылығы да қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ, санкцияларға байланысты қолымыз байлаулы болып тұр. Сондықтан дәл қазіргі сәтте Рюдигердің клубта қалу-қалмауы бізге байланысты емес. Бұл оның шешімі", - деді Томас Тухель.

Рюдигер осы маусымда "Челси" үшін өткізген 47 ойында бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport