"Реал" Килиан Мбаппенің трансферіне қатысты нақты шешім шығарды

22 қыркүйек 2022 17:45
©ПСЖ ФК

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе "Реал" командасына ауысатын мүмкіндікті жіберіп алды, деп жазады eldebate.com порталы. 

Танымал шабуылшы осыған дейін талай мәрте "Реалға" ауысқысы келетіні туралы айтқан болатын. Бірақ биыл жазда ПСЖ командасымен келісімшартын ұзартты. 

"Реал" енді ешқашан Мбаппеге ұсыныс жасамайды. Ол ешқашан ақ жейдеде ойнамайды. Оның үйінің алдынан әлем футболында ең мықты пойыз жүріп өтті. Бірақ ол мінбеді. Оның үстіне шабуылшы өзі үшін арнайы тоқтаған пойызға мінетінін айтып, мадридтік команданың шамына тиді. 

Мбаппе өз мүмкіндігін жіберіп алды. Енді мұндай мүмкіндік болмайды. Оны миллиондаған жанкүйер асыға күткен еді. Енді ол "Бернабеудің" сүйіктісі болмайды. Әлемдегі ең танымал командада ойнамайды. Еуропа чемпионы бұл есікті тарс жауып, сатып кетті. 

Қазіргі уақытта "Реал" басқа шабуылшыларды қарастырып жатыр. Мбаппе бұл команданы алдап кетті. Ол 96 миллион жалақы мен 100 миллион еуролық үстемақы үшін "Реалды" сатып кетті. Ал мадридтік командамен ойнауға болмайды", - деп жазады дереккөз. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар