Мадридтік "Реал" жазғы трансферлік кезеңде "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алудан айнып қалды, деп хабарлайды Sky Sports.
Мадридтіктер Мбаппе үшін үстемақысы бар 180 миллион еуро ұсынып, жауап беруге дедлайн қойды. ПСЖ уақытты дедлайннан асырып жіберді, сондықтан "Реал" келіссөзді тоқтатты.
Енді "Реал" Мбаппемен қаңтарда байланысып, алдын ала келісімшартты ұсынбақ. Осы арқылы мадридтік клуб футболшыны келесі жазда сапына тегін қоспақ.
Ал журналист Танкреди Палмеридің ақпаратынша, Мбаппе жылына 40 миллион еуро төленетін ПСЖ-ның келісімшартты ұзарту ұсынысын қабылдамады. Килиан келіскен жағдайда әлемде ең көп табыс табатын футболшы атанар еді.