Мадридтік "Реалдың" басшылары франциялық шабуылшы Килиан Мбаппені таныстыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы Marca газеті хабарлады.
Мбаппенің өзі "Пари Сен-Жермен" сапындағы командаластарымен қоштасып, "Реалға" ауысатынын айтқан.
Бұған дейін "Реал" париждік командаға екі ұсыныс жасаған. Бірақ ПСЖ басшылары екі ұсынысты да қабылдамады. Екінші ұсыныс 170+10 миллион еуро болған. Шамасы осы ұсынысты франциялық команда қабылдаған секілді.
Еске салайық, Мбаппенің ПСЖ командасымен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Килиан ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал оған дейін "Монако" намысын қорғанан.