Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алматылық "Қайратқа" қарсы матч алдында Еуропалық футбол одағына (УЕФА) ерекше өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Diario Madridista басылымының мәліметінше, "корольдік клуб" матч өтетін Алматыдағы "Орталық" стадиондағы алаң шөбін 25 миллиметрге дейін қысқартуды сұраған.
Алайда УЕФА бұл өтінішті қабылдамады, себебі шөптің биіктігі 30 миллиметрден аспаса, стадион иелері оны өз қалауынша белгілей алады. Осылайша, алаң шөбінің биіктігін әдеттегіден сәл жоғары қалдыру туралы қазақстандық клубтың шешімі ереже бұзбады.
Атап өту керек, "Реал" әдетте шөп биіктігі 20-22 миллиметр болатын алаңдарда ойнауға дағдыланған. Өткен маусымда мадридтік клуб ең биік шөппен "Хетафеге" қарсы сырт алаңдағы матчта ойнаған – ол кезде алаң шөбі 27 миллиметр болған екен.
Соған қарамастан, УЕФА "Орталық" стадионда шөпті қайта қыруға рұқсат бермеді, себебі қазіргі биіктік толықтай регламентке сай. Осыған байланысты, басқарушы орган қабылдаушы клубқа ("Қайратқа") қонақ команданың ("Реалдың") өтінішімен шөпті "шаптыруға" міндеттей алмады.
Жарнама