Мадридтің «Реалы» 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында туриндік «Ювентусты» әрең жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Матчтағы жалғыз әрі шешуші голдың авторы — Джуд Беллингем. Англиялық жартылай қорғаушы 57-минутта допты қақпаға дәл бағыттап, командасына үш ұпай сыйлады.
Үш турдан кейін «Реал» жалпы кезеңнің турнир кестесінде 9 ұпаймен бесінші орында тұр. Ал «Ювентус» екі ұпай жинап, 25-орынға түсіп қалды.
Еске салайық, бұған дейін мадридтік клуб Алматыда өткен ойында «Қайратты» 5:0 есебімен ұтқан болатын.
Төртінші турда «Реал» 4-тен 5 қарашаға қараған түні «Ливерпульмен» сырт алаңда кездеседі. Ал «Ювентус» дәл сол түні португалдық «Спортингті» өз алаңында қабылдайды.