"Реал" қатарынан бесінші жеңіспен "Барселонаны" жуытпай келеді

© Football.ua
Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 23-тур матчінде "Осасунаны" ұтты. 

Памплонадағы "Эль-Садар" стадионында өткен кездесу 4.1 есебімен аяқталды. 14-ші минутта есепті Унаи Гарсия ашқан болатын, алайда, мадридтік клуб бұған Иско (33), Серхио Рамос (38), Лукас Васкес (84) пен Лука Йовичтің (90+2) голдарымен жауап берді.

Қатарынан бес рет жеңіске жеткен "Реал" Примераның турнирлік кестеінде көш бастап келеді. Екінші келе жатқан "Барселонадан" алты ұпай алда.