Футбол
23 қазан 2018 12:06
 
"Реал" капитаны жаттығу кезінде командаласын теуіп жіберді

  Пікірлер

blog.share

"Реал" капитаны жаттығу кезінде командаласын теуіп жіберді © Footboom.com

Мадридтік "Реал" капитаны Серхио Рамос жаттығу кезінде ашуланып, командаласы Серхио Регилонды теуіп жіберді. 

Жаттығу кезінде Рамосқа 21 жастағы Регилонның әрекеті ұнамады. Капитан жақын жерден Регилонды доппен тепті. 

Кейін Рамос олай қызбалыққа салынбау керек еді деп қателігін мойындады. "Басқаша көрінгеніне қарамастан, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бұл ақталу емес, олай жасамауым керек еді. 

Біз үнемі барымызды саламыз ғой, иә, Регилон? Осыдан кейін Регилон бастаған команда жеңді! Осымен қалсын, ертеңгі ойынға дайындалуға кеттік", - деп жазыпты Рамос твиттер желісінде, командаластарымен түскен суретін жариялап. 

Ал Регилон өз тарапынан Рамосқа реніші жоғын білдірді: "Мен әрдайым командаммен және капитаныммен біргемін, ертең - жеңіске!" - деп жазыпты ол. 

Айта кетейік, "Реал" барлық турнирде үш матчта қатар ұтылды. Сонымен қатар, бес ойын қатарынан жеңіске жете аталмады. 

Жарнама

Живи спортом!