Мадридтік "Реал" португалиялық "Бенфиканы" қарымта матчта ұтып, УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Мадридтегі Сантьяго Бернабеу стадионында өтті.
Қонақтар 14-минутта есеп ашты - гол авторы Рафаэл Силва. Алайда екі минуттан кейін Орельен Тчуамени таразы басын теңестірді. Бірінші таймның ортасында Арда Гюлер мадридтіктердің екінші голын соққанымен, ол офсайдқа байланысты есепке алынбады. Жеңіс голы 80-минутта соғылды - дәл соққымен Винисиус Жуниор көзге түсті.
Еске салайық, Лиссабонда өткен бірінші матчта да "Реал" 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екі ойын қорытындысы бойынша мадридтік клуб келесі кезеңге өтті.
Жалпы кезең нәтижесінде "Бенфика" 9 ұпаймен 24-орынды иеленсе, "Реал" 15 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады. 1/8 финалда мадридтіктер "Манчестер Сити" немесе "Спортинг" клубтарының бірімен кездеседі.
Аталған турнирдің финалы 2026 жылғы 30 мамырда Будапешт қаласындағы "Пушкаш Арена" стадионында өтеді.