"Реал" жұлдызы клубтан кететінін мәлімдеді

©"Реал" ФК

34 жастағы бразилиялық ойыншы Марсело Чемпиондар Лигасының финалынан кейін клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Мен Чемпиондар Лигасын бес рет жеңдім. Мұндай жетістікке жетем деп ешқашан ойламаппын", - деді Марсело қоштасу сәтінде.

Еске салайық, Марсело "бланкос" сапында 2007 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы уақыт аралығында ол 386 матчта 26 гол салды. Испанияның алты дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар, УЕФА Суперкубогін үш рет иеленді. Клубтық әлем чемпионатын төрт рет ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport