"Реал" жұлдызы қазақ халқына сәлем жолдады

©AFP

"Реалдың" бұрынғы капитаны бразилиялық Марсело Қазақстанға шақыру алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бүгін жан досымның арманын орындадық. Ол өзінің сүйікті футболшысы Марселомен танысқысы келетін. Досымыз Игитаның арқасында Марселоға видеоқоңырау шалдық та, оны Қазақстанға шақырдық. Біздің "Алатау" командасымен шоу-матч өткізуге", - делінген белгілі вайнер Секаның Instagram желісінде. 

Игита мен Марсело бала күндерінен дос, олар мектеп жасынан бірге футбол ойнағанын айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport