"Реал" жұлдызы бабынан таймай тұрып футболдан кетпек

30 қыркүйек 2022 11:57
©"Реал" ФК

Мадридтік "Реал" ойыншысы Тони Кроос осы маусымнан кейін карьерасын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz испаниялық MadridUniversal басылмына сілтеме жасап. 

32 жастағы футболшы аяқталуға жақын келісімшартты ұзарту туралы келіссөзден бас тартып отыр. 

Осыған байланысты "Реал" басшылығы германиялық ойыншы карьерасын аяқтайды деп пайымдауда. Кроос шамасы біткенше ойнамай, бабында тұрғанында кетпек екен. Оның үстіне, ол жас ойыншылардың дамуына кедергі келтіргісі келмейді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport