Мадридтік "Реалдың" жасөспірімдер командасы 2025/2026 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Швейцарияның Лозанна қаласындағы "Стад де ла Тюильер" стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 23-минутта Хакобо Ортега "Реалды" алға шығарса, 64-минутта Тобиас Лунд таразы басын теңестірді.
Пенальти сериясында мадридтік команда дәлірек болып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, "Реал Мадрид" өз тарихында екінші рет турнир жеңімпазы атанды. Мадридтік клуб бұған дейін бұл жүлдені 2019/20 жылғы маусымда да иеленген. Ал "Брюгге" осы турнирдің финалына шыққан алғашқы бельгиялық клуб болды.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасы 2013 жылы құрылған. Бұл жарыста ең көп жеңіске жеткен клуб — "Барселона" (3 титул). Екі рет чемпион атанған — "Челси". Ал "Бенфика", "Ред Булл Зальцбург", "Порту", "АЗ Алкмар" және "Олимпиакос" бір-бір реттен чемпион болған.
Жарнама