Футбол
2 қараша 15:50

“Реал” жас талантты ойыншысын қыста шығарып салады

©

Бразилиялық шабуылшы Эндрик биылғы маусымда алғаш рет «Реал» сапында алаңға шықты. Ол «Сантьяго Бернабеуде» өткен «Валенсияға» қарсы матчта бірнеше минут ойнап, өзіне сенімділік жинауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бүгінгі жеңіске және маусымдағы алғашқы ойыныммен қуаныштымын», — деп жазды Эндрик әлеуметтік желілерде.

DefensaCentral порталының хабарлауынша, бас бапкер Хаби Алонсо жас форвардтың алаңға шығуы команда үшін маңызды екенін атап өтті. Алайда клуб ойыншының ары қарай дамуын жалға беру арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Негізгі мақсат — Эндрикке тұрақты ойын тәжірибесін беріп, оның кәсіби деңгейін арттыру.

«Реалдың» Эндрикті қыста өз сапында қалдыруының жалғыз себебі — негізгі шабуылшылардың, яғни Винисиус Жуниор немесе Килиан Мбаппенің ауыр жарақат алуы болуы мүмкін. Басқа жағдайда футболшыны жалға жіберу көзделіп отыр.

Қазір мадридтік клубтың басты назары келесі қарсылас “Ливерпульге” ауды. Ал Эндриктің дебюті жанкүйерлер мен сарапшылардың назарын өзіне аударған айтарлықтай оқиға болды.

 


19 жастағы Эндрик өткен жылдың жазында «Палмейрастан» «Реалға» ауысып, 2030 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойған. Transfermarkt дерегінше, бұл трансфердің құны 47,5 миллион еуроны құраған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport