"Реал" Испания чемпионатындағы көшбасшылықты қайтарды

Сурет: UA-Football
Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 31-ші турында "Мальорканы" 2:0 есебімен ұтты.

Бұл кездесу Мадридтегі "Альфредо ди Стефано" стадионында өтті. Жеңіске жеткен команда сапында Винисиус Жуниор (19-шы минут) және Серхио Рамос (56) гол салды.



Осы ойыннан кейін "Реал" 68 ұпай жинап, Примераның турнир кестесінде бірінші орынға шықты, мадридтіктер "Барселонадан" (68) қосымша көрсеткіш бойынша озып тұр. "Мальорка" (26 балл) 18-ші келеді.