"Реал" Испания чемпионатында "Барселонадан" ілгерлеп кетті

Сурет: El Tiempo
Мадридтік "Реал" 32-ші турда "Эспаньол" командасын ұтып, Испания чемпионатындағы көшбасшылықты қайтарды. 

"Эспаньол" алаңында өткен ойын 1:0 есебімен мадридтіктер пайдасына аяқталды. 45-ші минутта жалғыз голды Каземиро салды. 



Осылайша, "Реал" 71 ұпаймен екінші келе жатқан "Барселонадан" екі балл озып тұр. "Эспаньол" турнир кестесінде (24 ұпай) соңғы.
Жаңалықтар