"Реал" емес. Холанд карьерасын қайда жалғастыратыны айтылды

©instagram/erling.haaland

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд маусым аяқталысымен англиялық клубтан кетеді, деп жазады Vesti.kz.

Журналист Франсуа Галлардоның мәліметінше, 23 жастағы форвард карьерасын Испания чемпионатындағы каталондық "Барселонада" жалғастырады.

Тіпті Холандтың трансфері баяғыда келісіп қойылғаны айтылуда. Каталондықтар Норвегия құрамасы ойыншысының трансфері үшін 100 миллион еуро береді екен.

Бұған дейін Эрлинг мадридтік "Реал" сапына өтетіні айтылып келген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport