"Реал" екі бірдей әлем чемпионына көз тігіп отыр

©vseprosport

2018 жылы Франция құрамасымен Ресейде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен "Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Поль Погбаға "Реал Мадрид" қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды El Nacional.

Дереккөз ақпаратынша, "корольдік клуб" жартылай қорғаушы Тони Кроосты сатып, екі жартылай қорғаушы – Аурельен Чуамени ("Монако") мен Погбаға келісімшарт ұсынуы мүмкін.

Кроос та әлем чемпионы екенін айта кетейік: 2014 жылы ол Германия құрамасы сапында Бразилияда өткен турнирде жеңімпаз атанды. 32 жастағы футболшы "Реал" сапына "Бавариядан" ауысқан болатын, ал қазіргі трансферлік құны 25 миллион еуро.

29 жастағы Погба "Ювентустен" 2016 жылы "Манчестер Юнайтедке" өткен болатын. Ол кездегі трансфер 100 миллион еуро болды, қазір трансфеер құны екі еседей төмендеді (55 миллион).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport