"Бавариядан" Чемпиондар лигасында жеңіліп қалғаннан кейін "Реал" басшылығы құрамды қайта жасақтауға кірісті. Клубтан кетуі мүмкін алғашқы ойыншылардың бірі - қорғаушы Антонио Рюдигер, деп хабарлайды Vesti.kz.
Bild басылымының негізгі мәліметтері:
• Келісімшарт ұзартылмайды: германиялық футболшының келісімі 30 маусымда аяқталады. Ойыншы 2027 жылға дейін қалғысы келгенімен, "Реал" президенті Флорентино Перес оған жаңа келісімшарт ұсынбаған.
• Себептері: ойын деңгейінің төмендеуі, 33 жасқа келді және жоғары айлығы. Клуб жаңа трансферлер үшін жалақы қорын азайтуды көздеп отыр.
• Команданың реакциясы: Рюдигер командаластарына, соның ішінде Феде Вальвердеға кететінін айтып үлгерген.
• Ол карьерасын қайда жалғастырады? Қорғаушының алдында екі негізгі нұсқа бар: Сауд Арабиясынан тиімді келісімшарт қабылдау немесе Англия премьер-лигасына оралу.
Рюдигер Мадридтен кетуге жақын. Ол соңғы жылдары клубтың жетістіктерінде маңызды рөл атқарды. Бұған дейін ол "Челси", "Рома" және "Штутгарт" клубтарында өнер көрсеткен. Биылғы маусымда 21 матчқа қатысып, бір гол соқты.
Жарнама