Футбол
3 қыркүйек 13:46
 

"Реал" Чемпиондар лигасындағы "Қайратпен" матч алды бір ойыншыдан айырылды

  Пікірлер

blog.share

"Реал" Чемпиондар лигасындағы "Қайратпен" матч алды бір ойыншыдан айырылды ©"Реал Мадрид" ФК

Мадридтік "Реал" клубының қақпашысы Андрей Лунин жарақат алып, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарда Украина құрамасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реал" клубының қақпашысы Андрей Лунин жарақат алып, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарда Украина құрамасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

AS.com порталының мәліметінше, Лунин ұлттық құраманың базасынан кетіп, Мадридке оралған. Оның орнына Украина құрамасының бапкерлік штабы Сауд Арабиясының "Әл-Шабаб" клубында ойнайтын Георгий Бущанды шақыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Лунин "Реалдың" "Мальоркаға" қарсы өткен соңғы ойыны алдында қыздырыну кезінде өзін жайсыз сезінген. Ол әлі толық жазылып үлгермегендіктен, Украина құрамасының бас бапкері Сергей Ребров оны қалпына келтіру үдерісін жалғастыру үшін Испанияға қайтарды.

Осылайша, Лунин 5 және 9 қыркүйек күндері өтетін Франция мен Әзербайжанға қарсы матчтерге қатыспайды.

Сондай-ақ, Лунин 30 қыркүйекте өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Реалдың" алматылық "Қайратқа" қарсы сырт алаңдағы ойынына қатыса ала ма, әзірге белгісіз. Қазіргі таңда мадридтік клубтың негізгі қақпашысы - бельгиялық Тибо Куртуа.

Өткен маусымда Лунин "Реал" сапында 14 ойын өткізіп, 19 гол жіберіп алған және 6 матчта қақпасын голдан аман сақтап қалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!