Футбол
Бүгін 10:15

"Реал" Чемпионар лигасында ұтылып жатып бірден бес гол қатар соқты

©Depositphotos/m.iacobucci.tiscali.it

Мадридтік "Реал" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда нидерландтық ПСВ командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридте өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймнан кейін "корольдік клуб" 0:1 есебімен ұтылып жатқан еді. Алайда үзілістен кейін алаң иелері бес гол соғып, керемет камбэк жасады.

Алаң қонақтары 32-минутта Иван Перишичтің пенальтиден соққан голынан кейін алға шықты. Бұған алаң иелері Федерико Вальверде (50-минут), Джуд Беллингем (60-минут), Килиан Мбаппенің (64, 84-минуттар) және Винисиус Жуниордың (87-минут) голдарымен жауап берді.

Осы жеңістің арқасында "Реал" 15 ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде көш бастады. Ал ПСВ төрт ұпаймен 28-орында тұр.

Чемпиондар лигасының келесі турында "Реал" Лондонға барып, "Арсеналмен" кездеседі. Ал ПСВ өз алаңында мадридтік "Атлетикомен" ойнайды. Екі матч та 9 желтоқсанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport