Мадридтік "Реал" 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Бұл бесінші тур аясында нидерландтық ПСВ командасын ірі есеппен ұтқаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Реал" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын өтті
Мадридте өткен матч Жозе Моуринью шәкірттерінің жеңісімен аяқталды - 5:1. Осы нәтижеден кейін "корольдік клуб" қолжетімді 15 ұпайдың бәрін жинап, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда болды.
Мадридтік клуб қалған үш матчтың барлығында жеңілген күннің өзінде турнир кестесінде 23-орыннан төмен түспейді.
ПСЖ "Реалдың" жетістігін қайталай ала ма?
"Реалдың" бұл жетістігін тек франциялық "Пари Сен-Жермен" қайталауы мүмкін.
Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы ада болатын "Ромамен" кездесуге дейін төрт матчта 12 ұпай жинап отыр.
Плей-оффқа тұрақты түрде қатысады
Осылайша, "Реал" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қатарынан 30-маусым өнер көрсетеді. Мадридтік клуб бұл кезеңге соңғы рет 1996/97 жылғы маусымда өте алмаған. Ол кезде команда еурокубоктарға мүлде қатыспаған еді.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде үздік сегіздікке енген командалар 1/8 финалға тікелей жолдама алады.
Ал тоғызыншы орыннан 24-орынға дейінгі клубтар плей-офф жолдамасын өзара сарапқа салады.
Жарнама