"Реал" Бенземаның орнын басатын ойыншы тапты

13 желтоқсан 2022 12:42
©РИА Новости

Нидерланды құрамасының бұрынғы шабуылшысы Рене ван де Керкхоф мадридтік "Реал" өкілдерінің ПСВ форварды Коди Гакпоға көз тігіп жүргендерін айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Испанияда сенімді мәліметшілерім бар, олар "Реалдың" Гакпоны Бенземаның ізбасары етіп алуға ниетті екенін айтты. 

Жазда Коди қайда баратынын өзі таңдай алады. Мен де оған Англиядан гөрі "Реал" жақсы деген ойдамын", - дейді Керкхоф.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport