1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 13:15
 

"Реал" басшылығы Арбеоланы жұмыстан қуатынға ұқсайды

  Пікірлер

blog.share

"Реал" басшылығы Арбеоланы жұмыстан қуатынға ұқсайды ©"Реал" ФК

Мадридтік "Реалдың" басшылығы команданың жаңа бас бапкері Альваро Арбелоаны алғашқы жеңілістен кейін-ақ қызметінен босатуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реалдың" басшылығы команданың жаңа бас бапкері Альваро Арбелоаны алғашқы жеңілістен кейін-ақ қызметінен босатуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Арбелоаның жетекшілігіндегі дебюттік матчта мадридтіктер Испания Кубогынан сенсациялық түрде шығып қалды, олар 1/8 финалда екінші лигада ойнайтын "Альбасетен" жеңілді.

Indykaila News дерегінше, "Реал" басшылығы Арбелоаны тез арада орнынан босатуы да ықтимал: егер тағайындау қате шешім болды деп есептесе, онымен жақын уақытта қоштасуы мүмкін.

Ал The Touchline жазуынша, клубта Арбелоаға тағы бір матч өткізуге мүмкіндік беру керек деген пікір бар. Тек содан кейін ғана оның болашағына қатысты түпкілікті шешім қабылданбақ.


Еске салайық, Арбелоа "Реалды" 12 қаңтарда Хаби Алонсоның отставкасынан кейін тізгіндеді. Испан маманының басшылығымен мадридтіктер барлық турнирде 34 матч өткізіп, 24 жеңіске жетті, төрт рет тең ойнады және алты рет ұтылды.

"Реал" келесі кездесуін 17 қаңтарда Испания чемпионатында "Левантемен" өткізеді. Қазіргі таңда мадридтік клуб Ла Лигада 19 турдан кейін екінші орында, "Барселонадан" төрт ұпайға қалып келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!