Футбол
28 қаңтар 2021 12:28

"Реал" басшылығы "Алтын доп" иегеріне қатысты шешімге келді

Сурет: Reuters

Мадридтік "Реал" хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модричпен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо өзінің твиттерінде хабарлады. 

Мәлімет бойынша, тараптар барлық шарттар бойынша келісімге келген екен. Алдағы уақытта жаңа келісімге ресми қол қойылады. 35 жастағы футболшының қазіргі келісімі 2021 жылы аяқталу керек болатын. Мұның алдында жаңа келісім 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалатыны хабарланған. 

Модрич "Реал" сапына "Тоттенхэмнен" 2012 жылы өткен. 2018 жылы хорватиялық футболшы "Алтын допты" иеленді. Биылғы маусымда ол Ла Лиганың 18 матчінде ойнап, үш гол салды.